Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

2023 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жөнінде ведомстволық жоспары

Тақырыбы

Өткізілетін күні

Жауаптылар

 1

Аудандық салық басқармасына бөлім қызметкерлерінің жыл сайынғы кірісі жөніндегі декларацияларын тапсыруды ұйымдастыру және бақылау

2023 жыл
1 тоқсаны

Бөлім басшысы

Қ. Бекпаева

 2

Бөлімнің фойесінде халыққа қол жетерлік орынға өтініштер мен ұсыныстарға арналған «жәшігінің» жұмысын жалғастыру

Әрдайым

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

 3

Бөлімде «сенім телефонының» жұмысын қатаң бақылауды жүзеге асыру, оның жұмысы туралы аудандық БАҚ-да жүйелі түрде хабарлау, сонымен бiрге бөлімнің және аудан әкімінің веб – сайттарда орналастыру

Тоқсан сайын

Бас маман

 4

Құқықтық жалпы оқыту (аппараттық оқу) жұмысын ұйымдастырудың 2023 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша сабақтар енгізілсін

2023 жыл

ақпан

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

 5

Бұрын жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар және орын алған бұзушылықтар бойынша 2023 жылғы кадрлық тағайындаулардың талдау жүргізу

2023 жыл
маусым

Бөлім басшысы

 6

2023 жылға арналған құқықтық жаппай оқыту (аппараттық оқу) жұмысын ұйымдастырудың оқу-тақырыптық жоспарына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру бойынша сабақтар енгізілсін

2023 жыл
қыркүйек

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

 7

Аудандық БАҚ-да бөлім бастығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін хабарлау

Тоқсан сайын

Бас маман

 8

Бөлім бастығының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру

Әрдайым

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

 9

Бөлімде азаматтардың өтініштерін қарау және жауап беру мерзімдерін бақылауды күшейту

Әрдайым

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

 10

Бөлім қызметшілерінің біліктілікті арттыру курстарында оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру

Жыл бойынша (жеке кестесі)

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

 11

Мемлекеттік қызметшілерінің жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды қолдау бойынша ақпараттануын айқындау үшін эекспресс-сауалнама жүргізу.

2023 жыл
қараша


М.З. Садаева

 12

Бөлім қызметшілерін ауданда болып жатқан жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әрдайым ақпараттандыру

Әрдайым

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

 13

Коррупцияға қарсы зыңының сұрақтар қосындысымен заңға жалпыға мiндеттi оқуды бөлiмнiң қызметкерлерiмен жүйелiк негiзде өткiзумен ай сайын қамтамасыз ету.

Айсайын

Бөлім басшысы

Қ.Бекпаева

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау (ZIP 12 Kb)

Пресс-релиз (ZIP 103 Kb)

2020 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жөнінде ведомстволық жоспары

Тақырыбы Өткізілетін күні Жауаптылар
1. Аудандық салық басқармасына бөлім қызметкерлерінің жыл сайынғы кірісі жөніндегі декларацияларын тапсыруды ұйымдастыру және бақылау 2020 жыл
1 тоқсаны
Бөлім басшысы Д. Смайылов
2. Бөлімнің фойесінде халыққа қол жетерлік орынға өтініштер мен ұсыныстарға арналған «жәшігінің» жұмысын жалғастыру Әрдайым Бөлім басшысы Д. Смайылов
3. Бөлімде «сенім телефонының» жұмысын қатаң бақылауды жүзеге асыру, оның жұмысы туралы аудандық БАҚ-да жүйелі түрде хабарлау, сонымен бiрге бөлімнің және аудан әкімінің веб – сайттарда орналастыру Тоқсан сайын Бас маман
4. Құқықтық жалпы оқыту (аппараттық оқу) жұмысын ұйымдастырудың 2020 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша сабақтар енгізілсін 2020 жылақпан Бөлім басшысы Д. Смайылов
5. Бұрын жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар және орын алған бұзушылықтар бойынша 2020 жылғы кадрлық тағайындаулардың талдау жүргізу 2020 жыл
маусым
Бөлім басшысы Д. Смайылов
6. 2020 жылға арналған құқықтық жаппай оқыту (аппараттық оқу) жұмысын ұйымдастырудың оқу-тақырыптық жоспарына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру бойынша сабақтар енгізілсін 2020 жыл
қыркүйек
Бөлім басшысы Д. Смайылов
7. Аудандық БАҚ-да бөлім бастығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін хабарлау Тоқсан сайын Бас маман
8. Бөлім бастығының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру Әрдайым Бөлім басшысы Д. Смайылов
9. Бөлімде азаматтардың өтініштерін қарау және жауап беру мерзімдерін бақылауды күшейту Әрдайым Бөлім басшысы Д. Смайылов
10. Бөлім қызметшілерінің біліктілікті арттыру курстарында оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру Жыл бойынша (жеке кестесі) Бөлім басшысы Д. Смайылов
11. Мемлекеттік қызметшілерінің жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды қолдау бойынша ақпараттануын айқындау үшін эекспресс-сауалнама жүргізу. 2020 жыл
қараша
М.Н. Сакенова 
М.З. Садаева
12. Бөлім қызметшілерін ауданда болып жатқан жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әрдайым ақпараттандыру Әрдайым Бөлім басшысы Д. Смайылов
13. Коррупцияға қарсы зыңының сұрақтар қосындысымен заңға жалпыға мiндеттi оқуды бөлiмнiң қызметкерлерiмен жүйелiк негiзде өткiзумен ай сайын қамтамасыз ету. Айсайын Бөлім басшысы Д. Смайылов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудио-дабыл (ZIP 6106 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудио-дабыл (ZIP 24985 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Достар, өздерiңiзге белгiлi, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiн құру туралы шешiм қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бiрi — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейтудi iске асырудың бастауы екендiгiн куәландырады.

Институционалдық өзгерiстерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негiзделген жұмыстың жаңа форматы бiз үшiн басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеунiктердi ұстау көңiл-күйдi ешкiмге көтермейтiндiгiн жақсы түсiнсек те, жұмысымызды әлсiретуге ниеттi емеспiз.

Өзiмнiң жаңа саладағы алғашқы постымда мемлекеттiк аппараттағы келеңсiз құбылыстардың бiрi — ел iшiндегi iссапарлар барысындағы қызметшiлердiң терiс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретiн тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келедi.

Бұл проблеманың өткiрлiгi, әсiресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлердiң көптеген шағымдарымен расталады. Және қоғамның игiлiгi болған мысалдар жеткiлiктi.

Аталған терiс тәжiрибе өткеннiң көзi бола отырып, адамдардың санасында терең тамыр жайған және отандық мемлекеттiк қызметтiң ұйымдастыру мәдениетiн сипаттайтын норма сияқты қабылданады. Сонымен қатар, бiз стандарттарына бой түзейтiн ЭЫДҰ елдерiнде мұндай мәселе жоқ, ешкiм ешкiмдi қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебiнен жүзеге асырылады.

Түсiнiктi болу үшiн атап өткiм келедi, әрбiр iссапар үшiн тексерушiлерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткiлiктi қаражат бөлiнедi.

Алайда, тексерушiлер өңiрлерге жол жүргiнде, бөлiнген қаражаттан тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй нөмiрi, күнделiктi түскi ас және жиi мас күйiндегi төбелестер түрiндегi салдарлары бар ең жақсы мейрамханаларда тұздалған қияры бар кешкi ас, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау — осының барлығы тексерiлетiн әрiптестерiнiң жеке ақшасының есебiнен.

Бақылаушылардың тәбетiн бiле тұра, жергiлiктi басшылар «деңгейде» басшылықты қарсы алу үшiн бизнесмендерге көмек сұрап жүгiнедi. Мұндай көмек ешқашан тегiн болмайды және әрi қарай шенеунiк тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрi қалай аяқталатындығын еске салудың қажетi жоқ деп ойлаймын.

Әсiресе, аумақтық мемлекеттiк органдар елорда және облыстық орталықтан келген қонақтар үшiн қызықты әрi ерекше демалыс ұйымдастыру арқылы осы «институтты» әдеттi түрде қабылдап, тiптi қолдап отырғаны аса ренжiтедi. Әдетте, бұл министрге немесе облыс әкiмiне арналған оң есеп беру, сондай-ақ жұмыста өрескел бұзушылықтарды бүркемелеу үшiн жасалады.

Бұл ретте осындай мiнез-құлықты өз алдына ұлттық дәстүр мен шенге бас ұрушылық, басшылыққа деген көрсетiлген құрмет таныту арқылы ақтауға тырысатын адамдар бар екенiн таңқалдырады. 

Менiң ұстаным бiрегей-кәсiби және инновациялық мемлекеттiк аппарат үшiн бұл мүлдем қолайсыз. Бұл тәжiрибе мемлекеттiк қызметтiң негiз қалаушы қағидаларының беделiн түсiредi және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады.

Осыған байланысты өңiрлiк iссапарларға, түрлi конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттiк қызметшiлерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлерiне, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжiрибе жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзiмiне дейiн қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты қабылдаушы тарапқа да қатысты.

Агенттiк бұл мәселенi жүйелi бақылауға алды. Жекелеген өңiрлерде нәтижелер бар — кiнәлi тұлғалар жауапкершiлiкке тартылуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында бiз Үкiметке қашықтықтан мониторингке көшумен көшпелi тексерулердi оңтайландыру жөнiнде ұсыныстар енгiземiз.

Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсендiлерi мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактiлерге мұқият назар аудара отырып, бiздi кез-келген ыңғайлы тәсiлмен: менiң поштама жазбаша түрде жүгiну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтiк желiлерде хабарлаумен немесе Агенттiктiң 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын.

Өз үлесiңдi қос!

Өз үлесіңді қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күнi Солтүстiк Қазақстанда «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесi өз есiгiн айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейiн қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттiк билiк институттарына сенiмiн арттыру болып табылады.

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру.

Аталған салалар бiрқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: бiлiм беру; денсаулық сақтау; әлеуметтiк қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттiк кiрiс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бiрiншi басшылардың дербес жауапкершiлiгi.

Жобалық кеңсе — кешендi талдау негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттiк органдарды «Қайта жүктейдi».

Осыған байланысты, Солтүстiк Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттiк органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.

Ұсынымдарды, проблемалық мәселелердi және кеңестердi sqoalaldyk@gmail.com поштаға жiберулерiңiздi немесе 8(7152)460681, 46-58-89 нөмiрi бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Рухани сiлкiнiс жемқорлықты жеңедi

Жамбыл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң коммуналдық мемлекеттiк мекемесi «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметшiлерi мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Жамбыл ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

2016 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жөнінде ведомстволық жоспары

Тақырыбы Өткізілетін күні Жауаптылар
1.  Аудандық салық басқармасына бөлім қызметкерлерінің жыл сайынғы кірісі жөніндегі декларацияларын тапсыруды ұйымдастыру және бақылау 2016 жыл
1 тоқсаны
Бөлім бастығы
2. Бөлімнің фойесінде халыққа қол жетерлік орынға өтініштер мен ұсыныстарға арналған «жәшігінің» жұмысын жалғастыру Әрдайым Бөлім бастығы
3.  Бөлімде «сенім телефонының» жұмысын қатаң бақылауды жүзеге асыру, оның жұмысы туралы аудандық БАҚ-да жүйелі түрде хабарлау, сонымен бiрге бөлімнің және аудан әкімінің веб – сайттарда орналастыру Тоқсан сайын Бас маман
4.  Бұрын жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар және орын алған бұзушылықтар бойынша 2015 жылғы кадрлық тағайындаулардың талдау жүргізу 2016 жыл
маусым
Бөлім бастығы
5.  2012 жылға арналған құқықтық жалпы оқыту (аппараттық оқу) жұмыстарын ұйымдастырудың оқу-тақырыптық жоспарына ҚР мемлекеттік қызмешілерінің ар-намыс Кодексінің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру бойынша сабақтарды енгізу  2016 жыл
қазан
Бөлім бастығы
6.  Аудандық БАҚ-да бөлім бастығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін хабарлау Тоқсан сайын Бас маман
7.  Бөлім бастығының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру Әрдайым Бөлім бастығы
8.  Бөлімде азаматтардың өтініштерін қарау және жауап беру мерзімдерін бақылауды күшейту Әрдайым Бөлім бастығы
9.  Бөлім қызметшілерінің біліктілікті арттыру курстарында оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру Жыл бойынша (жеке кестесі) Бөлім бастығы
10.  Бөлімде мемлекеттік қызметке конкурс бойынша іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету Әрдайым Бөлім бастығы
11.  Мемлекеттік қызметшілерінің жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды қолдау бойынша ақпараттануын айқындау үшін эекспресс-сауалнама жүргізу. 2016 жыл
қараша
А.А. Тұменева 
А.Ю.Михайлова
12.  Бөлім қызметшілерін ауданда болып жатқан жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әрдайым ақпараттандыру Әрдайым Бөлім бастығы
13. Коррупцияға қарсы зыңының сұрақтар қосындысымен заңға жалпыға мiндеттi оқуды бөлiмнiң қызметкерлерiмен жүйелiк негiзде өткiзумен ай сайын қамтамасыз ету. Айсайын Бөлім бастығы

Сыбайлас жемқорлық — әлеуметік бәле!

Сыбайлас жемқорлық — әзiрше әлемнiң бiр-де бiр елi жеңiп шыға алмаған әлеуметтiк бәле. Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтiк қатынастарды қоғамға зиян келтiрiп мүмкiндiктерiн асыра пайдаланудан мүмкiндiк шегiнде жағдай жасауға болады.

Әлемнiң барлық мемлекеттерi осы бәлеге тап болып отыр. Сонымен қатар қазiргi заманғы жағдайда сыбайлас жемқорлық мемлекеiшiндiк проблемадан бiртiндеп ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр.

Қазiргi заманғы қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықтың себептерi мыналар болып табылады:

  1. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат құқықтары саласында халықтың құқықтық мәдениетiнiң төмен-деңгейi;
  2. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, ұйымдар, барлық жеке меншiк нысанындағы кәсiпорындардың басшылық құрамын құруда кадрлар iрiктеудiң жетiлмегендiгi;
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәрбиесi және оқу орындарында, ең алдымен жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсiнiк қалыптастыру жүйесiнiң болмауы;
  4. Мемлекеттiк органдардың шенеунiктерiнiң, мемлекеттiк ұйымдардың,мекеме және кәсiпорындардың басшыларының арасында ашық түрде мүлкi, табысы және оның көзi туралы жариялаудың болмауы;
  5. Кейбiр шапшаң өсетiн басшылардың мемлекеттiгi, азаматтығы және патриотизмiнiң төмен-деңгейi;
  6. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысының және мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғалуының ынталандыру шараларының төмендiгi;
  7. Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгi мен кәсiбилiк-деңгейiнiң төмендiгi;
  8. Мемлекеттiк басқару саласынан табыс етiлетiн елдiң үкiметтiк емес ұйымдары ұсынатын әлеуметтiк қызметтер саласы жазықтығының тарлығы.

Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттiк билiк және қоғам үшiн қауiптi.

Ел Президентi Н.Ә. Назарбаев мемлекеттiк негiзгi басымдылықтарының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрестi белгiледi.

Қазақстан совет үкiметiнен кейiнгi кеңiстiкте бiрнiшi болып 1998 жылдың шiлде айында сыбайлас жемқорлықпен күрес заңын қабылдады және халықаралық конвенсияларға қосылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң есептеу нүктесi 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» бiрiншi Заң қабылдануы болып есептеледi. Осы уақыттан бастап ҚР Президентiнiң сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы бiрқатар Жарлығына қол қойылды, оның iшiнде «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiлiктi нығайту жөнiндегi шаралар туралы».

1999-2000 жылдарға, 2001-2005 жылдарға, 2006-2010 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң мемлекеттiк бағдарламалары қабылданды. Осы бағдарламаларды iске асыру аясындасыбайлас жемқорлық қылмыстарының пайда болуының себептерi мен жағдайын жою жөнiндегi нақты шаралар жүргiзiледi.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша арнайы органдар құрылған. 1997 жылы Қазақстанда ҚР Жоғарғы тәртiптiк кеңесi құрылды, кейiн ол Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша ҚР Мемлекеттiк комиссиясына қайта құрылды. 2002 жылы ҚР Президентiнiң жынында сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет эткасын сақтау мәселелерi бойынша Комиссия құрылды. Экономикалық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау үшiн Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөнiндегi Агенттiгi құрылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында азаматтық қоғам институттарының — саяси партиялардың, әр түрлi үкiметтiк емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы кеңеюде.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақпараттық-талдау қызметi негiзiнде кешендi жұмысты талап етедi, соның iшiнде жаңа қылмыстық-құқықтық нормалардың ұтымдылығын бағалау бойынша.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын iске асыру маңызды құралының бiрi Президент жанында қызмет ететiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi Комиссия болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге өңiрлiк-деңгейде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiгi жанындағы облыстық Тәртiптiк кеңестерi мiндеттелген.

Мемлекеттiк қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша iшкi саясат бөлiмiнiң кадрлық қызметi жұмысын ұйымдастыру

Бөлiмiнiң кадрлық қызметiнiң жұмысы кәсiбилiк, жұмыстағы ашықтық және айқындық принциптерiне негiзделе отырып құрылған.

Бөлiмiнiң қызмешiлерiнiң жыл сайынғы декларацияларын уақытында тапсыру мәселесi бөлiмiнiң кадрлық қызметiнiң ерекше бақылауында.

Бөлiмiнде 2016 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес құқықтық жалпы оқыту жүргiзiледi.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн сақтау бойынша iс-шаралар жоспары әзiрленiп бекiтiледi.

Кадрлық тағайындауларға үнемi талдау жүргiзiледi. Бұзушылықтар және бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар анықталған жоқ.

Мақаланы құрған күні 27.02.2018 10:04

Мақаланы жаңартқан күні 20.06.2023 17:53

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz