- Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi
- Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр
Мемлекеттiк қызметшiлерге ескерту
Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi департаментiмен (бұдан әрi — Департамент) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқығын, заңды мүдделерiн қорғау және оларды әлеуметтiк қорғауды жоғарылату бойынша мемлекеттiк қызметтi тұрақтандыру және персоналды мамандандыру кепiлi болып табылатын жұмыс жүргiзiледi.
Агенттiкпен бекiтiлген мемлекеттiк қызметте әдептiлiк деңгейiн жоғарылату жөнiндегi 2018 жылға арналған кешендi жоспар бөлiгiнде департамент қызметшi атқаратын мемлекеттiк лауазымға сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндетiн және көлемiн нақты белгiлеу жөнiндегi лауазымдық нұсқаулықтарға талдау жүргiзедi;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңының 9, 53, 54, 56, 57-баптарының талаптарын сақтау мәселелерi зерделенедi: мемлекеттiк органдарды қайта ұйымдастыру және басқару құрылымын өзгерту, демалыс және сәйкес төлемдер, үстеме ақы төлеу, материалдық көмек және сыйақы беру, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiлердi бiлiктi арттыруға және қайта даярлауға жiберу, iссапар кезiнде мемлекеттiк қызметшiлерге кепiлдiктi және өтемақыны iске асыру.
Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың талаптары бұзылған жағдайда, мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментiнiң сенiм телефонына 46-74-46 нөмiрi бойынша хабарласа аласыз немесе өз ұсыныстарыңызды және пiкiрлерiңiздi ukgs_sko@bk.ru электронды мекенжайға жолдай аласыз (Т.А.Ә., лауазымын, байланыс мәлiметтерiн және басқаны көрсету).
Мақаланы құрған күні 27.02.2018 10:33
Мақаланы жаңартқан күні 02.05.2018 14:07