«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Жамбыл ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Биыл қатысуға 6 отбасы өтініш берді.

Келіп түскен құжаттар мен материалдарды қарау барысында аудандық комиссия үш жеңімпаз отбасын анықтады:

1 орын — Пресновка ауылының тұрғыны Коробова Алёна Валерьевнаның отбасы;

2 орын — Благовещенка ауылының тұрғыны Мағзұмов Бауыржан Семейұлының отбасы;

3 орын — Железное ауылының тұрғыны Топоров Вячеслав Геннадьевичтың отбасы.

01.07.2023
Қаралым саны: 182
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz