«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі

Елімізде ырысы мен ынтымағы ұйыған әулетті ел алдында дәріптеу мақсатында жыл сайын республика көлемінде "Мерейлі отбасы" байқауы өтеді.

Бүгін шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеген өнегелі жанұялар «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының аудандық марапаттау кезеңінде бас қосты. «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының аудан бойынша жеңімпаздары болып Пресновка ауылынан Коробовтар отбасы, Благовещенка ауылынан Мағзұмовтар отбасы және Железное ауылынан Топоровтар отбасы танылды.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары С.А. Әубәкіров жеңімпаз отбасыларды марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыс етті.

01.08.2023
Қаралым саны: 86
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz